М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ақпараттық білім беру орталығында Мекемтас Мырзахметұлының «Абайтану» кітабының тұсау кесері 2010 жылы 18 қарашада өткізілді
Слайд көрсетіліп, «Абайтану» кітабымен таныстырылды.
«Абайтану» оқу құралы. Бұл кітап жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттерге арналған, Абайдың өмірі мен шығармашы лығын жан жақты талдап, қазіргі күн талабына сай, жаңаша сипатта түсіндіру мақсатында шығарылған.
Абайдың құнды еңбектерін насихаттау, оқу орныдарында жаппай оқыту, арнайы семинар сабақтары арқылы жастар санасына сіңіру-бүгінгі тәрбие жұмысының мақсатына айналу керек.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін» - деп жырлаған қазақтың ұлы ойшыл ақыны, қазақ поэзиясын нақтылы өнер шыңына көтерді. Абай шығармашылығы тұтастай жер бетінде ,адамгершілікті, адам бойындағы асыл қаситеттерді дәріптеуге негізделген.
Абайдың сөзі - қазақтың бой тұмары.
Абайдың мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы.
Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерседе халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өтткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі.Абай өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге шақыра береді.
Студенттер Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін орындады. Осы кітап туралы өз ой-пікірін айтты.
«Абайтану» кітабының тұсау кесері Ақпараттық білім беру орталығының электрондық ресустар орталығында сектор меңгерушісі Шамбулова Халида Қамбарбекқызының ұйымдастыруымен өтті. Филология, Педагогика және
мәдениет, Жаратылыстану-педагогикалық факультеттерінің студенттерімен және оқытушылардың қатысуымен өтті.
Ақпараттық білім беру орталығы сектор меңгерушісі Х.Қ. Шамбулова




































